2019 жылғы 15 мамыр Нұр-Сұлтан қ. Германия Федеративтік Республикасының 50-ден астам компанияларының, стартаптардың және банктерінің басшылары «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) мүмкіндіктері мен келешегімен танысты, таныстырылым кезінде АХҚО-ның өңірлік инвестициялық хаб және қаржы орталығына жүктелген өкілеттіктерді Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша экономикалық шаралардың драйвері екендігі ескерілді, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Астана экономикалық форумының (АЭФ) жұмысына неміс экономикалық делегациясының қатысуы аясында «Аймақ үшін АХҚО мүмкіндіктері мен практикалық маңызы» тақырыбында Берлин Еуразиялық Клубының 26-шы отырысы өтті.

Іс-шараны АХҚО-мен бірлесе отырып ГФР-дағы ҚР Елшілігі және Герман экономикасының Шығыс комитеті ұйымдастырды.

Қазақстандық тараптан клуб отырысына АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басшысы Рәпіл Жошыбаев, ГФР-дағы ҚР Елшісі Болат Нүсіпов, «Kazakh Invest» ҰК АҚ басшылығы, сондай-ақ ҚР экономикалық, коммерциялық және қаржы институттарының өкілдері қатысты.

Неміс тарапынан – Герман экономикасы Шығыс комитетінің (ГЭШК) басқарушы директоры Михаэль Хармс, ГЭШК Президиумының мүшесі, «Бәйтерек» ҰБХ тәуелсіз директоры Клаус Мангольд, ГФР-ның ҚР-дағы Елшісі Тило Клиннер, ГФР Федералдық өнеркәсіп одағының шикізат жөніндегі комитетінің төрағасы Ганс-Йоахим Вельш, экспортты несиелендіру жөніндегі неміс қоғамының басқарушысы Марк Венгрцик, Орталық Азиядағы герман экономикасы өкілдігінің басшысы, сондай-ақ неміс компанияларының, стартаптардың және Германия банктерінің басшылары қатысты.

Отырысқа қатысушылар қаржы, инвестициялық, технологиялық және IT салаларындағы, оның ішінде неміс инвесторларымен, банктермен және АХҚО алаңындағы финтех-компаниялармен ынтымақтастық аясындағы екіжақты қазақстан-герман ынтымақтастығының жай-күйі мен дамуының өзекті мәселелерін талқылады.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…