Home Саясат Бақытжан Сағынтаев: Орыс тілі – кезінде бізге Құдай берген бақыт
Саясат - 30.03.2018

Бақытжан Сағынтаев: Орыс тілі – кезінде бізге Құдай берген бақыт

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Шымкентте өңір жастарымен кездескен премьер-министр теxнология шарықтап дамыған заманның артықшылықтарына тоқталып, бүгінде кез-келген ақпаратты ғаламтор арқылы оңай алуға болатынын атап өтті, – деп хабарлайды kazakhstanzaman.kz.

Сонымен қатар елбасының үштұғырлы тіл саясатының маңыздылығын да жеткізіп: «Елбасы айтып жүрген үштұғырлы тіл — ең басты мәселе. Тек қана бір қазақ тілімен қаламыз деу —қате. Болашаққа шығамын дейтін болсаңыз, үш тіл білу керек. Қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін. Мен мұны ылғи да айтамын, бірақ, біздің үлкен ағаларымыз қажеті жоқ дейді. Бұл олардың балаларының болашағына қарсы дегенді білдіреді. Бүгін мүмкін қажеті жоқ шығар, бірақ, ертең оның қажеті міндетті түрде болады… Орыс тілі — кезінде бізге Құдай берген бақыт. Қазір біз бәріміз орысша сөйлей аламыз. Еркін, ешкімнің үйретуінің қажеті жоқ. Біз екі тілді білеміз, енді үшінші тілді меңгеруіміз керек. Елбасының айтып отырғаны сол. Үш тұғырлы тіл! Осыны біздің жастарымыз біліп, мектептен бастап үйренетін болса, онда біздің болашағымыз зор. Кез келген жерге барып жұмыс істей аламыз»,— деп, үгіттің бәсін арттырды.

Бұдан өзге премьер-министр былтыр Америка еліне барған кезінде куә болған қуанышты сәтімен де бөлісті.

«Біз бір жыл бұрын Америкада болдық, Сан-Францискода. Қазақтың қыз-жігіттері жүгіріп келді. «Қайдан жүрсіңдер?»— десем, «осы жерде жұмыс жасаймыз»,— дейді. Google-да істеп жүр, Facebook-та жүр. Мақтанасың ба? Мақтанасың. Егер де ол еңбектеніп, талпынып оқымаса, қайдан барады ол жаққа?»— деп, жастарды бірнеше тіл үйренуге шақырған үкімет басшысы кездесу соңында жас буын өкілдерінен: «Тіліміз шорқақ, бюрократиялық болса, кешірім сұраймыз»,— деп, кездесуді қорытындылады.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…