Home Экономика Қазақтың газы Қытайға екі есе көп мөлшерде тасымалданады
Экономика - 28.03.2019

Қазақтың газы Қытайға екі есе көп мөлшерде тасымалданады

Қазақстан Қытайға тасымалданатын газдың көлемін екі есеге арттыруға келісті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры отандық көгілдір отынды Қытайға көптеп тасымалдауға мүмкіндік беріп отыр. Аталған құбырмен келетін шикізат «Түркіменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» транзиттік газ құбырына құйылады. Осылайша, Батыс Қазақстандағы кен орындарынан шығатын табиғи газ Қытайға тасымалданып отырады.

«Бүгінде Қытайдың нарығы жыл сайын 12,5 процентке өсіп тұрады. Бұл – өте үлкен өсім. Демек, алдағы уақытта тұтынудың көлемі арта түседі. Мәселен, 2017-2018 жылдары біз жылына 5 миллион текше метрден астам газды Қытайға тасымалдадық. Өткен жылы аталған көрсеткішті жылына 10 миллион текше метрге дейін жеткізуге келістік», – М.Мырзағалиев ҚР Мәжілісінде өткен «дөңгелек үстелде».

Айта кетейік, бүгінгі жиында вице-министр «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы туралы айтып берді.

«Сарыарқа» газ құбыры алдымен Қызылорда, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау мен Нұр-Сұлтан маршрутымен салынады. Бұл – құрылыстың алғашқы кезеңі. Осының арқасында құбырға жақын орналасқан 740 мың адамды табиғи газбен қамтасыз етуге мүмкіндік бар. Әрине, инфрақұрылымның салынуына қарай газ тұтынатын адамдардың саны артады.

Өткен жылы тамыз айында Үкімет жобаның сызба-нұсқасы мен қаржыландыру шарттарын мақұлдады. Жобаның құны – 267,3 млрд теңге. Қараша айында «Астана газ» АҚ мен мердігер компания – «Қазқұрылысқызмет» АҚ арасында тиісті келісімшартқа қол қойылды. Қазіргі кезде барлық қажетті теxника мен мамандар тартылды. Дәнекерлеу жұмыстары басталды. «Сарыарқа» газ құбырының, шамамен, 1300 метрі салынды», – дейді М.Мырзағалиев.

Check Also

Ақтауда кішкентай қызды көліктен итеріп құлатқан өзінің ағасы болып шықты (видео)

Ақтауда оқушы қызға дөрекілік көрсеткен ер адамның әрекеті көпшіліктің наразылығын туғызды…