Home Қоғам Айжан Байзақова атасымен жасты адамның өзіне қалай қырындағаны туралы ашық айтты
Қоғам - 28.03.2018

Айжан Байзақова атасымен жасты адамның өзіне қалай қырындағаны туралы ашық айтты

Атышулы Айжан Байзақова басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Ол өзіне атасымен жасты кісінің сезім білдіріп, күнде сыйлық сыйлағанын жайып салды, – деп хабарлайды nur.kz.

Бойжеткеннің айтуынша, бұл оқиға бір жарым жыл бұрын болған.

«Осыдан бір жарым жыл бұрын сауда орталығында сіңіліммен жүрген болатынмын. Бір кезде ұялы телефоным шырылдап, белгісіз нөмір хабарласты.Сөйтсем, гүл жеткізушілер екен. Алайда мен нөмерімді жиі ауыстырып жүретіндіктен ешкім біле бермейтін. Гүл жеткізушіден сұрасам, «құпия» деп кім екенін айтпады.

Осылай уақыт өте берді. Құпия табынушым бір күні гүл, келесісінде жемістер, дәрі-дәрмек жіберіп, естен тандырды. Бірақ кездесуге шақыруға асықпады. Осылай жүргенде ақыры менімен кездескісі келетінін айтты. Мен де үйреніп қалғандықтан келістім. Тек, жанымда сіңілім болатынын айттым. Осылай белгіленген жерге сіңіліммен келгенімде, «Сендерді көріп отырмын. Қазір барамын жандарыңа» деді.

Ал біз тыпыршып күтіп отырғанымызда, жанымызға атаммен жасты бір кісі келді», – деген бойжеткен оқиғаны әрі қарай баяндап берді.

«Мен әдептілік сақтап, ол кісіге барлық жасаған сыйлығы үшін алғысымды айттым. Бірақ сіңілімнің іші ауырып тұр деп сылтауратып, кетіп қалдық. Әрина, маған ересек ер адамдар ұнайды. Бірақ, атаммен жастылары емес. Міне осыдан кейін «құпия табынушылардың» көбісінің кәрі кісілер болатынын білдім. Және олармен кездеспеген дұрыс деп шешім қабылдадым», – деп жазбасын аяқтады Байзақова.

Сондай-ақ блогер келесіде, басқа да қызықты оқиғаларымен бөлісуге уәде берді.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…