«Астана» мен «Семей» футбол командаларының 2003-жылы туылған жасөспірімдері алаңда жаппай төбелес ұйымдастырды, деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агентігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға футбол орталықтары мен академиялы арасындағы Қазақстан чемпионатының 89-шы минутында орын алған. Жаппай төбелеске алаңдағы ойыншылар ғана емес, қосалқы құрам мүшелері де қатысқан. Төрешілер мен жаттықтырушылар екі тараптың жанжалын тез басты.

Төбелес салдарынан екі құраманың бір-бір мүшесіне қызыл белгі көрсетілді. Одан кейін бірден ойын аяқталды.

Ойын «Астана» құрамасының пайдасына 8:0 есебімен аяқталды.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…