Елордада жеңіл рельсті көлік құрылысы (LRT) бойынша жоба жалғасын табады. Бұл туралы Үкімет басшысының бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.

«Нұр-Сұлтанда жеңіл рельсті көлік құрылысына келер болсақ, бұл бағыттағы жұмыс жалғастыруды қажет етеді. Бұл инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Қытайдың Мемлекеттік даму банкімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл займды қайта қаржыландыру туралы келісетін секілдіміз, яғни осы жобаны қаржыландыруға қатысты ел ішінде қаржы көзі ізделетін болады», – дейді Әлихан Смайылов Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап беріп.

Министр қазіргі уақытта жобаны қайта қаржыландыру көздері іздестіріліп жатқанын айтып өтті. «Мемлекеттік даму банкі желісі бойынша мәселелер туындағандықтан, бұл сұрақтарды Нұр-Сұлтан әкімдігіне жолдауға болады. Ал біз, қайта қаржыландыру бойынша басқа көздерді іздестірудеміз», – дейді министр.

Еске сала кетсек, өткен аптада LRT құрылысы уақытша тоқтатылғанын мәлім еткен еді. Оның айтуынша, соңғы екі жылда елордада 12 ірі нысан пайдалануға берілсе, биыл тек 4 ірі жоба ғана қолға алынып отыр.

«Бірақ оның ішінде ЛРТ желісінің құрылысын тоқтата тұруға байланысты ол да өзінің әсерін беріп отыр. Қазіргі кезде біз Үкімет пен Ұлттық банкпен бірге бұл мәселені ішкі көздерден қаржыландыруды пысықтаудамыз. Сонымен қатар, қаланың инвестициялық жобаларын республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 198 миллиард теңгеден 115 миллиард теңгеге дейін төмендеуі де өз әсерін беріп отыр», – деп атап көрсетті Б.Сұлтанов.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…