Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Оспанов Мәскеу төрінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

ЦСКА кешенінде өткен АСА 95 турнирінде Арман Оспанов неміс спортшысы Лом-Әли Эскиевпен жұдырықтасқан. Алғашқы раундта неміс спортшысы Арманға қарағанда ширақ қимылдаған. Алайда жекпе-жектің екінші раундында Арман Оспанов қарсыласын тізесімен сұлатып түсірді.

Осылайша, «Сұңқар» қатарынан екінші жеңілісінен соң жеңімпаз атанды.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…