Ақтауда оқушы қызға дөрекілік көрсеткен ер адамның әрекеті көпшіліктің наразылығын туғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол көліктен түсіп үлгермеген кішкентай қызды итеріп, құлатып жібереді. Осы оқиғаны көшеде белгісіз біреу түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеген.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамның кім екені анықталған. Ол оқушының туысқан ағасы болып шықты. Азамат құзырлы органға өз қылығын түсіндірген. Ешқандай арыз-шағым түспегендіктен іс қозғалмады.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…