Home Қоғам Алматылықтар Наурызда тамаққа таласып, төбелесе жаздады (ВИДЕО)
Қоғам - 23.03.2018

Алматылықтар Наурызда тамаққа таласып, төбелесе жаздады (ВИДЕО)

Алматы базарларының бірінде Наурыз мерекесін тойлау кезінде халық тегін тамаққа таласып, төбелесе жаздады. Instagram әлеуметтік желісі арқылы Алматы базарларының бірінде түсірілген жағаұстатарлық видеоролик тарады, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Видеода адамдар Наурыз мерекесіне орай жайылған дастархандағы тамақ үшін таласып жатқанын көруге болады. Тіпті, бірінің қолындағысын екіншісі тартып алып, жаға жыртысуға дейін барды. 

Видеоның нақты қай базарда түсірілгені белгісіз. Желі қолданушыларының көбі оны Алматыдағы «Барахолка» базарларының бірі екенін пікір ретінде жазып жатыр.

 

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…