Home Қоғам Ақтөбеде лифтке кірген әйелдің аяғы жұлынып, қызының көз алдында қайтыс болды
Қоғам - 05.04.2018

Ақтөбеде лифтке кірген әйелдің аяғы жұлынып, қызының көз алдында қайтыс болды

Ақтөбеде 28 жастағы әйел қызының көз алдында лифтте қайтыс болды. Жантүршігерлік қайғылы оқиға Ақтөбе қаласындағы 12-ші шағын ауданда болды.  28 жастағы әйел үш жасар қызымен бірге лифтке кірген. Әйелдің аяғы лифттің есігіне қыстырып қалған. Бұл туралы ҚазАқпаратхабарлады.

«Кеше жедел жәрдем қызметіне қоңырау түсті. Лифтте әйел мен оның үш жасар қызы болған. Бұл оқиғаның қалай болғаны белгісіз. Бірақ әйелдің аяғы есікте кептеліп қалған. Біз оқиға орнана келгенде оның аяғы жұлынып кеткен, ал әйел сол жерде көз жұмды. Марқұмның кішкентай қызы ауруханаға жеткізілді, ол ешқандай жарақан алмаған», – дейді Ақтөбе қалалық жедел жәрдем қызметі бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиев.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…