Home Басты жаңалық Әкежан Қажыгелдин Қазақстаннан ұрланған капиталдың өте көп екенін айтты

Әкежан Қажыгелдин Қазақстаннан ұрланған капиталдың өте көп екенін айтты

Брюссельде Қазақстанның бір топ саясаткері мен азаматтық белсендісі «Жаңа Қазақстан» атты форум өткізті. Аталмыш жиын барысында шетте тұратын саясаткер Әкежан Қажыгелдин Азаттық тілшісіне Қазақстандағы ахуалға қатысты өз пікірін білдіріп, сұхбат берді.

Оның айтуынша, бұл отырыстың себебі – бүгінгі елдегі жағдай.

– Соңғы бір жыл ішіндегі қимылдардың бәріне қарасаңыз, әлдекім билікті басқа біреудің қолына беру жағдайын тудырып жатқан сияқты. Біз – бақылаушы қарапайым халық, зиялы қауым мен саясаткерлер әрекет жасау үшін басымызды қосып отырмыз. Бұл – форум. «Жаңа Қазақстан» деген форум. Жігіттердің өздерінің ұсынғаны, – деді ол сұхбат барысында.

 Сондай-ақ, Қажыгелдин еліміздегі жемқорлыққа қатысты да өз ойымен бөлісті. Оның пікірінше, үкімет пен бизнесте қатар жүргендердің болашағы мүлдем жоқ. Саясаткердің сөзінше, Қазақстаннан ұрланған капиталдың көлемі өте үлкен.

Еске сала кетейік, Әкежан Қажыгелдин 1994-1997 жылдары Қазақстанның Премьер-министрі болған. 2001 жылы ҚР Жоғарғы соты саясаткерді «қызмет өкілетін асыра пайдаланды және пара алды» деген айыптау бойынша сырттай 10 жылға соттаған болатын. 

Атап өту керек, Брюссельде өткен жиынға Қазақстаннан Әміржан Қосанов, Айдос Сарым, Ермұрат Бәпи, Расул Жұмалы секілді бір топ есімі елге белгілі саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері барып қатысты.

Check Also

Шыдамдылық пен ұстамдылықты балалардан үйренуіміз керек – омбудсмен Айтпаева

2019 жылы 16 мамырда Сенат депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі …