Аяқсыз дүниеге келген Нұр-Сұлтандық Әли Тұрғанбеков Лионель Мессимен және «Барселонаның» басқа да жұлдыздарымен кездесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бала кумирімен суретке түсіп, оған қазақстандық шоколад сыйлады. Сондай-ақ, Әли клубтың жаттығуында және Барселонадағы «Камп Ноу» стадионында болған.

«Әрине, ішімде көбелектер ұшып жүрді, әсіресе, Месси басымды сипағанда. Кейін бірдеңе деді. Құдайға барлығы үшін рақмет! Алла Тағалаға сеніңіз, тек одан сұраңыз, барлығы оның қолында! Мен армандадым, ата-анам орындауға тырысты, ал Алла бәрін жасады», – деп жазды Бала Instagram желісіндегі парақшасында.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…