Жаңа жыл 2019, ауа райы, болжам
Home Басты жаңалық «40 градус аяз»: Жаңа жыл түні ауа райы қандай болады?

«40 градус аяз»: Жаңа жыл түні ауа райы қандай болады?

Алдағы екі тәулікте Қазақстан аумағы арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде қар жауып, бұрқасын болып, ауа температурасы сәл жоғарылайды, – деп хабарлады sputniknews.kz.

31 желтоқсанда бұл облыстарда керісінше күн суытып, жаңа жыл түнінде 25-30 градус аяз болады, кей жерде сынап бағанасы 33-38 градусқа дейін нөлден төмендейді. Республиканың шығысында 2 қаңтарда түнде кей жерде минус 40 градус аяз болады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда жауын-шашын түсіп, қар жауып, тұман және көктайғақ болады. Бұл аймақтарда да жаңа жыл түнінде температура 3-8, кей жерде 15-20 градус аязға дейін төмендейді.

Батыс өңірлерде жаңа жыл күндері қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады, ауа температурасының аздап ауытқыса да, көпжылдық нормадан алшақтай қоймайды.

Check Also

Шыдамдылық пен ұстамдылықты балалардан үйренуіміз керек – омбудсмен Айтпаева

2019 жылы 16 мамырда Сенат депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі …