Home Басты жаңалық «35 градус аяз»: Алдағы күндерге арналған ауа-райы болжамы жарияланды

«35 градус аяз»: Алдағы күндерге арналған ауа-райы болжамы жарияланды

Елімізде алдағы күндері күн суытып, бұрқасын болады деп күтілуде. Бұл туралы «Казгидромет» хабарлады.

Суық арктикалық фронтпен байланысты алдағы тәуліктерде  республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарының кей жерлерінде қар бұрқасынмен бірге және екпінді жел күтіледі.

Скандинавианың солтүстік аймақтарында қалыптасқан антициклон және осы фронттың артынан жылжуы, жауын-шашынның тоқталуы және ауа температурасының суытуына алып келеді.

Ал Қазақстанның таулы және тау бөктері аймақтары оңтүстік фронтальді жүйенің әсерінде болады, мұнда әлі де аздаған қар, тұман және көктайғақ сақталады.

Ауа температурасы республиканың бүкіл аумағында климаттық нормадан төмен болады, бірақ солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында түнгі температура 30…35°С дейін төмендейді, бұл қалыпты жағдайдан 6…9°С климаттық нормадан төмен.

Check Also

Шыдамдылық пен ұстамдылықты балалардан үйренуіміз керек – омбудсмен Айтпаева

2019 жылы 16 мамырда Сенат депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі …