Home Басты жаңалық 3 әкім мен 3 министр Елбасы қолынан орден алды

3 әкім мен 3 министр Елбасы қолынан орден алды

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 3 әкімге «Парасат» орденін және 2 министрге «Құрмет» орденін және 1 министрге «Құрмет» орденін табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «Парасат» ордені Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловқа, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжановқа, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогокалық университеті» РМК ректоры Такир Балықбаевқа, «ҚР Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ бас директоры Ерлан Бекхожинге, Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаевқа, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке, «Uniserv» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Сәтбек Нұрғазыға және Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановқа берілді.

Ал «Құрмет» орденімен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КЕАҚ оқытушысы Людмила Макарцева, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің бас дирижері Динара Тілендиева марапатталды.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…