оралман, квота, жаңалықтар, қаулы, қоныс, көші-қон
Home Басты жаңалық 2019 жылы оралмандарды қабылдауға қанша квота бөлінгені белгілі болды

2019 жылы оралмандарды қабылдауға қанша квота бөлінгені белгілі болды

Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 916 қаулысы жарияланды, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, биыл оралмандарды қабылдау үшін 2 103 адамға, сондай-ақ, қоныс аударушыларды қабылдау үшін 7 771 адамға өңірлік квота бөлініп отыр.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылғы 1 тамызға және 2020 жылғы 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есеп беру жүктелді.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…