Ұялы байланыс, Телефон, имей код, тіркеу, оператор
Home Басты жаңалық 1 қаңтардан бастап тіркелмеген ұялы байланыс қызметтеріне тыйым салынады

1 қаңтардан бастап тіркелмеген ұялы байланыс қызметтеріне тыйым салынады

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұялы байланыс операторына мәліметтері ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілмеген не ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілген мәліметтерге сәйкес келмейтін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы бойынша ұялы байланыс қызметтерін көрсетуіне тыйым салынады, – деп хабарлайды ortcom.kz.

«Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу олардың заңды өкілдерінің келісімімен жасалады. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар (жас балалар) үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу олардың атынан заңды өкілдерімен жасалады»,- деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі телекоммуникация комитеті төрағасының м.а. Виталий Ярошенко.

 Сонымен қатар, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу үшін оның иеленушісі ЖСН (жеке тұлға үшін) немесе БСН (заңды тұлға үшін), ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын, ұялы байланыстың тіркелетін абоненттік құрылғысында пайдаланылатын абоненттік нөмірлер туралы мәліметтерді ұсынады.

Тіркеу (қайта тіркеу)және тіркеуден алып тастау мерзімі жеке тұлғалар үшін 4 жұмыс сағатқа дейін, ал заңды тұлғалар үшін 8 жұмыс сағатқа дейін жүзеге асырылады.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…