мектеп, оқушы, өскемен, қылмыс, сабақ, жаңалықтар, қоғам
Home Қоғам Өскеменде 5 сынып оқушысы сабақ үстінде өзіне қол жұмсамақ болды
Қоғам - 25.12.2018

Өскеменде 5 сынып оқушысы сабақ үстінде өзіне қол жұмсамақ болды

Өскеменде 5 сынып оқушысы сабақ үстінде терезеден секіріп кетпек болды, – деп хабарлады altaynews.kz.

Мектеп директоры бұған дейін де баланың психологиялық қиындықтары болғанын айтады. Бізге белгілі болғандай, ол үзіліс уақытында сыныптасымен кикілжіңге келіп қалыпты. Сабақ үстінде терезенің алдына жүгіріп шығып, секірімін деп елдің зәре құтын алған оқушыны, мұғалім зорға дегенде тоқтатқан. Иә, бала дін аман. Ал істің мән-жайы қалай?

– Ол (баланың атын атамады) бізде бірінші сыныптан бері оқиды. Сабағы нашар болса да, тәртіп бұзған емес. Бұл жерде басты түйіткіл бар… Біз оның невропатологта есепте тұрғанынан хабардармыз. Алайда анасы оның диагнозы туралы ештеңе айтпаған – дейді мектеп директоры.

– Мен онымен әңгімелескен кезде үнемі көзін ала қашып, сөйлескісі келмейтін. Одан кейін өз қолын өзі шымшылап қыса бастайды. Әрең қойдыратынмын – дейді мектеп психологы.

Ал баланың анасы болса:

–  Мектептегілер менің ұлымды осыған жеткізді. Бәрін бүркемелеп, өтірік айтып отыр. Директор болса, ешқандай шара қолданбады. Енді прокуратураға шағымданамын – дейді.

Айта кетейік, баланың анасы ішкі істер органдарына арызданып та үлгерді.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…