Home Қоғам Өскеменде дәрігерлер ер адамға жүктілік диагнозын қойған
Қоғам - 04.09.2018

Өскеменде дәрігерлер ер адамға жүктілік диагнозын қойған

Өскемендік нефролог-дәрігер іші үлкейіп кеткен ер адамға жүктілік диагнозын қойған. Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Емделуші туыстарының сөзінше, ер адам іштегі жайсыздық мазалағасын емханаға қаралуға барған. Дәрігердің жұмысына еш наразылығы да болмаған. Алайда, кейіннен дәрігер жазған қорытындының арасында өзінің «екіқабат» болғаны туралы жазылғанын байқаған, – деп жазады ustinka.kz.

Бұл диагнозды қоюмен қатар, дәрігер ер адамның құрсағындағы сәбидің қозғалу кезеңінде екенін де жазып көрсеткен.

Шығыс Қазақстан облыстың Денсаулық сақтау басқармасы аталмыш жағдайға араласып, мән-жайды анықтауға сөз берді. Кейін жергілікті медициналық қызмет сапасын бақылау қызметінің өкілдері бұл дигноз қорытынды қағазға байқаусызда түсіп кеткенін айтып ақталды.

Newsasia.kz 

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…