Home Қоғам Өз жерімізде қытайларға құл боламыз ба? «Маңғыстаумұнайгаз» жұмысшылары наразылыққа шықты (ВИДЕО)
Қоғам - 24.05.2018

Өз жерімізде қытайларға құл боламыз ба? «Маңғыстаумұнайгаз» жұмысшылары наразылыққа шықты (ВИДЕО)

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на қарасты Жетібай кенішінің жұмысшылары «кәсіпорын басшылығына қазақ келсін» деп наразылыққа шықты. Талаптары орындалмайынша еңбеккерлер жұмысқа шықпаймыз деп шешім қабылдаған.  Бұл туралы sn.kz хабарлады.

Наразылық акциясына кен орнының 100-ден астам жұмысшысы жиналған.

«Қытай басқара ма не сонда қазақ елінде тұрған біздерді. Біз сонда құл боп жүреміз бе?», – дейді жұмысшылардың бірі.

Видеода көптің сұрағына жауап беруге келген компания өкілі қытайдың басышылыққа келуі мүмкін емес дүние екенін түсіндіруге тырысады. Десе де, еңбеккерлер оның бұл сөзіне сенбейтіндерін айтып, нақты іске көшуін сұрайды.  

«Жоқ. Біз талаптарымыз орындалмай, ешқайда жұмысқа шықпаймыз», – деп кесіп айтты олар.  

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…