Home Спорт «Өз елін қолдамай ма?». Головкин Қазақстанның әнұраны орындалғанына неге қарсы
Спорт - 03.09.2018

«Өз елін қолдамай ма?». Головкин Қазақстанның әнұраны орындалғанына неге қарсы

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) промоутері  Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) командасы екінші жекпе-жек алдында қандай талап қойғанын айтты, деп хабарлайды sputniknews.kz.

«Головкиннің адамдары жекпе-жек алдында ұлттық әнұранның шырқалғанын қаламай отыр. Олар сонда өз елін қолдамай ма? Бұл рәсім. Чемпиондық белбеу тігілетін жекпе-жектердің алдында ұлттық әнұран орындалуы тиіс. Ол жекпе-жекті әсерлі ете түседі.  Головкиннің командасы Қазақстан, Мексика, Америка әнұраны орындалғанын қаламайды… Тағы қандай қалауы бар екен? Құдай-ау, олар жекпе-жектен бас тартқысы келе ме?! Шық та, жұдырықтаса берсейші!», — деп мәлімдеді Де ла Хойя.

«Канело» — GGG рематчы 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…