Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент, Ассамблея, Жиын, Этнос,
Home Қоғам Әбдірахымов: Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін әлем елдері мойындады
Қоғам - 27.12.2018

Әбдірахымов: Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін әлем елдері мойындады

Биылғы шілдеде Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңадан құрылып, аз уақыттың ішінде жалпы ұлттық бірлік пен қоғамдық келісім саласын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарған. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен қалалық Қазақстан халқы Ассамблея Кеңесінің алғашқы отырысында айтылды, – деп хабарлайды newsasia.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Бүгінде этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін әлем елдері мойындап, үлгі етіп келеді. Елімізде 100-ден астам этнос өкілдері бір шаңырақ астында татулықты ту етіп, Қазақстанның игілігі үшін табысты еңбек етуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болып отырған этносаралық татулықты сапалы іске асыру – бізге жүктеліп отырған абыройлы міндет, – деді қала әкімі Ғ.Әбдірахымов.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов Ассамблея тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталды. Одан кейін Ассамблея мүшелері бекітіліп, төрағаның қоғамдық негіздегі орынбасарлығына түрік этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Латифша Асанов, славян этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Наталья Романова және өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Тахиржан Хакимбеков тағайындалды.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов пен этно-мәдени бірлестік өкілдері еркін әңгімелесті. Жиын қорытындысында Ғабидолла Әбдірахымов «Қазақтану» жобасын жандандыру, Шымкент қаласының этнокартасын дайындау, қалалық мәслихатта «Бірлік» депутаттық тобын құру, 2019 жылғы Өзбекстандағы Қазақстан жылына және еліміздегі Жастар жылына орай бірлескен іс-шараларды нақтылау жөнінде Ассамблея хатшылығына, басқарма басшыларына және аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Жиын соңында ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосқан елеулі еңбегі үшін қалалық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев пен әзербайжан этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Арзу Гурбанова «Бірлік» алтын медалімен марапатталды. Белгілі кәсіпкер, меценат Айдар Досболов Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісін иеленсе, танымал қолөнер шебері Берік Бейісбеков, қала әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Әмірхан Құдайберген ҚХА-ның Құрмет Грамотасын, «Ладушки» кондитерлік дүкендер желісінің бас директоры Светлана Лугина ҚХА-ның Алғыс хатын алды.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…