ұлы даланың жеті қыры
Home Басты жаңалық «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы америкалық киногерлердің қызығушылығын тудырды

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы америкалық киногерлердің қызығушылығын тудырды

АҚШ-тың киногерлері Қазақстан тарихын зерттеп білуге ынталы.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы америкалық мәдениет және өнер қайраткерлерінің қызығушылығын тудырды.

Себебі Мемлекет басшысы онда Қазақстандағы өркениеттік дамуды паш ететін фильмдер түсіруге шақырды.

Бұл бағыттағы жұмыс отандық және шетелдік мамандарды тарту арқылы жүзеге асырылуы керек екендігі айтылған. Президенттің үндеуі америкалық деректі фильм түсірудің шебері Эдвард Старосельскийдің көңілінен шығып, осы жобаға қатысуға ниет білдіріп отыр.

Эдвард Старосельский, америкалық деректі фильмдер түсіруші:

– Италия, Грекия, Египет халқы өз тарихын мақтан ететінін білеміз. Сондықтан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақтардың ұлттық болмысын насихаттауға назар аударуы – өте дұрыс шешім. Осы ретте Қазақстанның тарихи бай мұрасын насихаттауға өз үлесімді қосамын деген үміт бар.

Дереккөз: 24.kz

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…