Home Қоғам Қытай шенеуніктері Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қоғам - 13.12.2018

Қытай шенеуніктері Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақ елі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығында тәуелсіздік жылдары теңдессіз жетістікке жетті. Бейжіңде өткен салтанатты қабылдауда сөз сөйлеген Қытай сыртқы істер министрінің орынбасары Ли Юйчэн осылай деді.

Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Қытай астанасында Еліміздің егемендігі мен Тұңғыш Президент күніне орай ресми қабылдау шарасы өтті. Мәртебелі меймандардың арасында жергілікті билік өкілдері, дипломатиялық қызметкерлер мен ғылыми орталықтың сарапшылары бар. Бірсөзбен айтқанда Қазақстанның шет мемлекеттегі достары жиналып, ел тәуелсіздігінің 27 жылдығымен құттықтады. Әсіресе биыл Қазақстан үшін жемісті жыл болғанын атап өтті. Сарапшылар еліміз өзін өңірлік және жаһандық мәселелерді шешуде жауапты халықаралық әріптес ретінде таныта білгенін айтады.

Лэ Юйчэн, ҚХР СІМ орынбасары:

– Қазақстан 27 жыл ішінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының нәтижесінде ұлттық мүддесіне сай, өзіндік даму жолымен жүріп келеді. Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылды. Oсы мемлекеттегі бұрынғы Елші ретінде сол жетістіктерге куә болғанымды атап өткім келеді.

Ли Жумэн, Чжэциян қаржы және экономика университетінің вице-президенті:

– Қазақстанның тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Біз биыл Чжэциян университетінде Қазақстан экономикалық зерттеу орталығын аштық. Енді біз де екі елдің достық қарым-қатынасына өз үлесімізді қосамыз.

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, бірқатар келелі…