Home Қоғам Қытайда қамалған қазақтарға Димаштың әнін тыңдатқызады (ВИДЕО)
Қоғам - 24.05.2018

Қытайда қамалған қазақтарға Димаштың әнін тыңдатқызады (ВИДЕО)

Қытайда тұтқындалып, түрмеге қамалған қазақтарға Димаш Құдайбергеннің қытайша айтқан әндерін тыңдатады. Бұл туралы Қытайда қамауда болған қандасымыз Орынбек Көксебек мәлімдеді.

– Ән үйретті ол жерде. Димаш дейміз ғой. Сол Димаштың қытайша айтқан әндері жүріп жатыр екен ол жерде. Осыны «Үйренесің, жаттайсың» деп жаттатқызды, – деді Орынбек «Азаттық» радиосына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген Қытайдың ән байқауына қатысып, жүлделі  2-ші орын алған болатын.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…