Қуандық Бишімбаев, Сот, Жаңалықтар
Home Басты жаңалық Қуандық Бишімбаев Шымкентке ауыстырылады

Қуандық Бишімбаев Шымкентке ауыстырылады

Сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевты Шымкенттегі қауіпсіздігі орта деңгейлі мекемеге ауыстырады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жоспарлы бекітуге сәйкес, сонымен қатар сотталушы Қуандық Бишімбаев адвокаты мен туыстарының өтініш хатын ҚАЖ комитеті қанағаттандыруына байланысты Шымкентте орналасқан қауіпсіздік деңгейі орташа ИЧ-167/3 мекемесіне жазасын өтеуі үшін ауыстырылады», – делінген ҚАЖК хабарламасында, редакцияның ресми сауалнамасына жауап ретінде.

Сондай-ақ, комитеттегілер сотталушының ары қарай жазасын өтеу орнын шешу үшін ҚАЖ өңірлік департаменті айналысатыны айтды. Ауысу кезінде сотталушының мүддесі ескеріледі.

Бишімбаевқа қауіпсіздігі минималды мекемеге ауысуға рұқсат берілмеді. Экс-министр жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады. Мұндай шешімді Төле би аудандық соты шығарды.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…