Home Қоғам Қостанай облысында қазақ батырының ескерткіші құлатылды (ВИДЕО)
Қоғам - 05.09.2018

Қостанай облысында қазақ батырының ескерткіші құлатылды (ВИДЕО)

Қостанай облысы Қарабалық ауылында «Қазақ хандығының 500 жылдығына» арнайы салынған батырдың ескерткіші құлатылды. Бұл туралы @oralbekov_17 есімді Instagram қолданушысы жазды. Оқиға қыркүйектің 4-і күні орын алған, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Желі қолданушысы бұл ескерткіштің орнына сенімді материалдардан басқа батырдың ескерткіші орнатылғалы жатқанын жазған.

– Алғаш бұл жобаны қолына алып, биліктен қаржылай көмек сұрап жүгіргендердің бірі менің атам – Өтешов Асылбек Ғаппазұлы болған еді. Өкінішке орай, ол кісі қазір жанымызда жоқ. Мына видеоны көргенде, жүрегім ауырды», – деп жазды желі қолданушысы.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…