Home Қоғам Қостанайда ағасы қарындасының басын кесіп алған
Қоғам - 27.04.2018

Қостанайда ағасы қарындасының басын кесіп алған

Қостанайда ағасы қарындасының басын кесіп алған Тұрмыстық жанжал кезінде ағасы немере қарындасын аяусыз өлтірген Қостанай облысы Славенка ауылындағы жантүршігерлік қылмыс бойынша іс сотқа жіберілді.

Қылмыс 2017 жылдың 24 желтоқсанында болған. Бір отбасы мүшелері бірігіп ішімдік ішіп отырып, артынша жанжал туындаған екен. Сот мәліметі бойынша, 29 жастағы айыпталушы, оның әкесі мен келген қонақ үйде ішімдік ішіп отырады. Кейін оларға сол үйде уақытша тұрып жатқан сотталушының немере қарындасы қосылған.

«Сотталушы мен қарындасы ұрысысып қалып, ер адам әйелдің кеудесіне алты рет пышақ салған. Әрі қарай бауыздап, басын кесіп алған», — делінген сот хабарламасында. Іс бойынша бастапқы тыңдау күні әлі белгіленген жоқ.

Дереккөз: Sputnik

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…