инспектор, қылмыс, қарағанды, браконьер
Home Басты жаңалық Қарағанды облысындағы инспектордың өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Қарағанды облысындағы инспектордың өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Қарағанды облысындағы инспектор Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін ІІМ Қылмыстық полиция департаменті қызметкерлерінің Қызылорда облысындағы арнайы операциясының нәтижесінде жеке үйлердің бірінен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлының өлтірілуіне қатысты үш күдікті ұсталды. Қылмыс инспектордың Қарағанды облысы Нұра ауданында қызметтік міндеттемесін атқару кезінде болған еді», – деп хабарлайды ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің үшеуі де уақытша оқшаулағышқа қамалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетсек, 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында қайтыс болған еді.

Ал бұдан кейін Парламент Мәжілісінде тілшілерге Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин бұл істі Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров тікелей бақылауына алғанын айтқан болатын.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…