Home Қоғам Қарағандылық инженер лотереядан 24 млн теңге ұтып алды
Қоғам - 02.12.2018

Қарағандылық инженер лотереядан 24 млн теңге ұтып алды

Қарағандылық инженер лотереядан 24 564 426 теңге (64 мың доллардан астам) ұтып алды.  Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.

 Дулат есімді Қарағандының 50 жастағы тұрғыны супер-жүлдені жеңіп алды. Ставкалардың бірі «5 нөмір + бонустық шар» ұтыс комбинациясына сәйкес келген.

Өзінің айтуынша, лотереяны көптен бері ойнайды екен. 1200 теңге тұратын жүлделі билетті 21 қарашада сатып алған.

«Лотереяны сонау кеңес заманында, жас кезімде-ақ ойнай бастадым. Шамамен 40 жыл бойы ойнап жүрмін, жиі ұтып тұрамын. 25 жасымда 168 рубль ұтып алдым, біз бұл ақшамен Анапаға бардық. Лотереядан ұтыс алудың арнайы әдісі жоқ» – деді бақытты жан.

30 қарашада Satty Zhuldyz лотерея компаниясының президенті Александр Тен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында банк бөлімшесінен ұтысты аудару туралы есеп-қисапты жариялады.

Салық төлегеннен кейін Дулат қолына 22 миллион 109 мың теңге алды.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…