Home Қоғам Қарағандыда тағы да төтенше жағдай орын алды
Қоғам - 15.01.2019

Қарағандыда тағы да төтенше жағдай орын алды

Қарағандыда минимаркет өртенді. Өрт себебі электр сымдарының тұйықталуынан деп болжанып отыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлайды.

«15 қаңтар күні таңғы 08:21-де Қарағандының Октябрь ауданындағы Медицинская көшесінде «Рахима» минимаркеті өртенді деген ақпарат келіп түсті. Дүкен төбесіндегі ағаш торлама өртеніп, 150 шаршы метр аумақты от шарпыған. Оны сөндіруге облыстық ТЖ департаментінің жеке құрамынан 28 адам мен 5 техника жіберілді», – деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Олардың күшімен өрт 08:56-да тоқтатылып, 09:05-те сөндірілді.

«Бастапқы болжам бойынша, электр сымдарының жүйесі қысқа тұйықталуға түскен. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», – деді Н. Нұрахметов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…