Қарағанды, древний рим, төбелес, қылмыс
Home Басты жаңалық Қарағандыдағы қылмысқа қатысы бар күдіктінің Ресейге қалай өтіп кеткені белгілі болды

Қарағандыдағы қылмысқа қатысы бар күдіктінің Ресейге қалай өтіп кеткені белгілі болды

ҚР Ішкі істер министрлігі Қарағанды мейрамханасындағы кісі өліміне күдіктінің Ресейге қашуының мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Іздеу жарияланған адамға тоқталсақ, ол Павлодар облысындағы бекет арқылы Ресей аумағына шекара асып кетті. Бұл мәліметті біз жедел-тергеу шараларын өткізу барысында анықтадық. Ол шекараны 1 қаңтар күні сағат 22:00-ден кейін кесіп өткен»,  – деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол қосымша деректерді анықтау үшін Қазақстандық тергеушілер Ресей мен Арменияға бағытталғанын еске салды.

«Осы елдердегі әріптестермен өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтап жатырмыз. Оның (күдікті) мәлімдемесі Қазақстанға оралуына ықпал етеді деп ойлаймын», – деді Ж. Сүлейменов.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…