Дариға Назарбаева, Жаңа жыл, Мереке, Отбасы
Home Басты жаңалық «Қарапайым отбасымыз»: Дариға Назарбаева Жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты

«Қарапайым отбасымыз»: Дариға Назарбаева Жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева Жаңа жылда қайда және қалай қарсы алатыны туралы айтып берді. Бұл туралы tengrinews.kz порталына сілтеме жасап newsasia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Жаңа жылды әрдайым отбасымызбен, әке-шешемізбен бірге қарсы аламыз. Бүкіл отбасымыз, балаларымыз бен немерелеріміз жиналады. Жаңа жылды Алматыдағы үйімізде қарсы аламыз», – деді депутат.

Назарбаева, сонымен бірге, жаңа жылда қандай отбасында қандай сыйлықтар тарту етілетіні туралы да атап өтті.

«Біздің анамыз өзіне тірі гүлдерді сыйлағанды жақсы көреді. Кішкентай балалар, әрине, түрлі ойыншықтар, компьютерлік ойындарды сыйлыққа алғанды ұнатады… Біз де көптеген қазақстандықтар секілді қарапайым отбасымыз», – деді сенатор.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…