Home Қоғам Қазақтың туына қытайша жазу жазғандар елді ашуландырды (фото)
Қоғам - 31.12.2018

Қазақтың туына қытайша жазу жазғандар елді ашуландырды (фото)

Әлеуметтік желіде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына Қытай тілінде жазу жазылған фото тарады. Аталмыш суретте бір топ талапкердің үстіне қытайша жазу жазылған ұлттық рәмізімізді ұстап тұр, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш суретті фейсбук желісінде бөліскен танымал журналист Бахыт Жаншаева «Балконына еліміздің көк туын іліп қойған адамға айыппұл салған биліктің назарына! Көк туға қытайша жазу жазғандарға шара қолданыңыз!!!» – деп пікір білдірді.

Желі қолданушыларының пікіріне сүйенсек, Мемлекеттік туға қытай тілінде «Қазақ-қытай оқу ағарту бағдардамасы, Бір ғасыр – бір жол» деген жазу жазылған.

Пікір қалдырушылар құзырлы органдардың аталмыш фото суреттің заңға қайшы-қайшы еместігіне назар аударуын талап етуде.

«Мына бассыздыққа қатысты ҚР ҚК-нің 317-бабы (Мемлекеттік Туды, Елтаңбаны немесе Әнұранды қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғап, айыпұл салып, шектен шыққан шетелдіктерге қатысты қандай да бір шара қолдануды талап етемін!!! Осындайда Ел екенімізді көрсетіп, Халық болып қолдайық ағайын!!!» – деп жазды Мирболат Мырзатайұлы есімді желі қолданушысы. 

Ал, танымал журналист Серік Пірназар «Біздің биліктің шын қауқары осы тұста көрінеді» деп суретке қатысты ойын ортаға салды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын балкон мен үй терезесіне ілгені үшін Астана мен Қызылорда тұрғындары жауапқа тартылып, айыппұл салынғаны туралы БАҚ-та хабарланған болатын.

Балконына еліміздің көк туын іліп қойған адамға айыппұл салған биліктің назарына! Көк туға қытайша жазу жазғандарға шара қолданыңыз!!!

Опубликовано Бақыт Жаншаевой Суббота, 29 декабря 2018 г.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…