Home Спорт Қазақстан хоккейшісі әлем чемпионатында үздік үштікке ілікті
Спорт - 07.01.2019

Қазақстан хоккейшісі әлем чемпионатында үздік үштікке ілікті

Қазақстан хоккейшісі 2019 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында үздік шабуылшылар үштігіне ілікті. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артур Гатиятов ресейлік және фин спортшыларына ғана жол берді.

Канадада өткен хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артур Гатиятов әлем біріншілігінің үздік шабуылшылар үштігіне ілікті.

Sports.kz мәліметінше, Қазақстан хоккейшісі ресейлік Григорий Денисенко мен фин Алекси Хепониемиге ғана жол берді.

2019 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының алтынын Финляндия құрамасы жеңіп алды. Ол финалда АҚШ командасымен қарсыласып, матчты 3: 2 есебімен ұтқан еді.

Ал үшінші орын Ресейдің жастар құрамасына бұйырды.

Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамысының қақпашысы Демид Еремеев те жақсы ойын көрсетті. Хоккейден Қазақстанның жастар құрамасы элиталық дивизионда орнын сақтап қалды.

Дереккөз: baq.kz

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, бірқатар келелі…