Home Басты жаңалық Қазақстанның қарулы күштері дабыл бойынша батысқа бағыт алды

Қазақстанның қарулы күштері дабыл бойынша батысқа бағыт алды

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтің бұйрығы бойынша Қарулы Күштердің құрамалары мен әскери бөлімдері оқу белгісі бойынша кенеттен көтерілді, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Селекторлық кеңес режимінде өткізілген тапсырмаларды қою барысында «Шығыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бірқатар әскери бөлімдеріне Қазақстанның батыс өңіріне қайта топтасуға нұсқаулар берілді. Әскерлер құрамдастырылған тәсілмен – өздерінің жүрістерімен, теміржол көлігімен, әскери-көлік авиациясының ұшақтарында қозғалуды жүзеге асыруда. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына әскерлерді оқу-жаттығудың өткізілу ауданына шығару және оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін «Шығыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің келіп жатқан бөлімдері мен бөлімшелерін ескере отырып, топтама құру тапсырмасы жүктелді. Майдандық және шабуылдау авиациясы әуеайлақтарда, армиялық авиация далалық тікұшақ айлақтарында шоғырланды. Әскери-теңіз күштерінің топтамасы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің кемелері және катерлерімен күшейтілді.

Бөлек шекара заставалары жалпыәскери бөлімшелермен күшейтілді. «Батыс-2018» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына басшылық ету Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевке жүктелді. Оқу-жаттығуда Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің, Жедел операциялар күштерінің, арнайы әскерлерінің, материалдық-техникалық қамтамсыз ету бөлімдері мен мекемелерінің, ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайларының және Ұлттық ұланнан 5000-нан астам әскери қызметші тартылды.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…