Сыртқы істер министрлігі, Бейбіт Атамқұлов, Жаңалықтар, Тағайындаулар. Саясат
Home Басты жаңалық Қазақстанның жаңа Сыртқы істер министрі тағайындалды

Қазақстанның жаңа Сыртқы істер министрі тағайындалды

Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев еліміздің Сыртқы істер министрлігі ұжымына ведомствоның жаңа басшысын таныстырды. Бұл лауазымды қызметке Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын», – делінген Әсет Исекешев жария еткен Елбасының Жарлығында.

Осыдан кейін сөз алған Қайрат Әбдірахманов ҚР Сыртқы істер министрлігіне ұдайы қамқорлық көрсетіп келе жатқан Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді.

«Елбасының арқасында осы күндері біздің мемлекетіміз тарихи өлшемде және тарихи тұрғыдан алғанда өте қысқа мерзімде халықаралық аренада да елеулі нәтижеге жетіп отыр», – деп атап өткен ол орнына келген Бейбіт Бәкірұлына алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…