кредит, несие, кредит алу, ақша, банк, каспий банк, кредит тез алу,
Home Экономика Қазақстандықтар үйден шықпай-ақ кредит ала алады
Экономика - 24.12.2018

Қазақстандықтар үйден шықпай-ақ кредит ала алады

Қаржылық қызметтердің клиенттерін қашықтан сәйкестендіру бойынша пилоттық жобаны олардың биометрикалық өлшемдері арқылы іске қосу 2019 жылғы 1-тоқсанға жоспарланған. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Жанат Құрманов мәлімдеді, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Клиенттерді биометриялық көрсеткіштер – бет-әлпеті, дауысы арқылы онлайн-идентификациялау арқылы қаржылық қызметтер қолжетімді болмақ. Бұдан бөлек, мемлекеттік деректер базасындағы мәліметтер пайдаланылады.

«Клиентті қашықтан сәйкестендірудің осы тетігін енгізу азаматтарға, оның ішінде алыс өңірлерде тұратын азаматтарға географиялық орналасуына байланысты емес кез келген жабдықты – смартфондарды, планшеттерді, компьютерлерді пайдалана отырып, қашықтан алу тәсілімен қаржылық қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Бұл шешім банктік шот, төлем карточкасын ашу, кредитті Интернет арқылы алу сияқты қажетті қаржылық қызметтерді қашықтан алу үшін қажет», – деп түсіндірді Ж. Құрманов.

Қашықтықтан индентификациялау тетігі қазақстандықтарға, оның ішінде алыс өңірлерде тұратын тұрғындарға қаржылық қызметтерді қашықтықтан, смартфон, планшет немесе компьютер арқылы алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Ұлттық банк Open API ашық платформаларын іске қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл мақсатта банктердің қатысумен стандарттарды әзірлейтін жұмыс тобы құрылды.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…