Home Басты жаңалық «Қазақстанда ақша табамыз»: София Ротару Ресейге барудан бас тартты

«Қазақстанда ақша табамыз»: София Ротару Ресейге барудан бас тартты

Әйгілі әнші София Ротару «Жыл әні» фестиваліне барудан бас тартты. Әншінің концерттік директорыСергей Лавров мәлімдегендей, бұл Украинаның соғыс жағдайын енгізуіне тікелей байланысты, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

— Ия, бұл расымен де солай. Өкінішке орай, София Михайловна мұндай шешім қабылдауға мәжбүр болды, – деді әншінің концерттік директоры Лавров. – Бізді Ресейде өтетін өзге де үлкен шараларға шақырған, тіпті, екі-үш рет сахнаға шығуы үшін 50 мың евро ұсынғандар да болды. Бірақ Ротару бас тартты. Әнші екі ел арасындағы саяси шиеленіс оның өмірі мен отбасына әсер етпеуін қалады.

Әншінің ресми өкілі «Ақшаны енді қалай табасыздар?» деген «Комсомольская правда» газеті тілшісінің сауалына «Құдайға шүкір, Қазақстан бар ғой. Әзірге сонда жұмыс істеп жатырмыз» деп жауап берді.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…