Ғабидолла Әбдіразымов, Шымкент, әкім
Home Саясат Ғабидолла Әбдірахымов үздік әкімдердің қатарына кірді
Саясат - 09.01.2019

Ғабидолла Әбдірахымов үздік әкімдердің қатарына кірді

Қазақстан әкімдерінің жұмыс нәтижесіне бейімделген сарапшылар рейтингі жарияланда. «Стратегия» қоғамдық қорының сарапшылары жүргізген сауалнама нәтижесінде үздік әкімдер анықталды, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшылар рейтинг аясында облыс әкімдері мен аймақ басшыларының жұмыс тиімділігін анықтай мақсатында бес бағыт бойынша жеті балдық межемен бағалау жүргізген.

Сарапшылардың айтуынша, 2018 жылдың екінші жартыжылдығында барлық өңір әкімдерінің жұмыс тиімділігі төмендеген.

Нәтижесінде әкімдердің үздіктері анықталды, олар:

Бауыржан Байбек (Алматы, бірінші орын — 4,54 балл)

Қырымбек Көшербаев (Қызылорда облысы, екінші орын — 4,43 балл)

Ғабидолла Әбдірахымов (Шымкент, үшінші орын — 4,11 балл)

Ал, осы уақытқа дейін үздік әкімдердің қатарынан көрініп жүрген Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев биыл үздік үштікке де іліге алмады. Оның жұмыс нәтижесіне 4,07 балл беріліп, төртінші орынға тұрақтады.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…