Жасұлан Сәрсебаев, ШҚО, әкімдік, аппарат
Home Саясат ШҚО әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
Саясат - 08.01.2019

ШҚО әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Аймақ әкімі Даниал Ахметовтың өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы болып Жасұлан Сарсебаев тағайындалды, деп хабарлайды  newsasia.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасұлан Бірлікұлы Сарсебаев 1986 жылы 22 шілдеде бұрынғы Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. Мамандығы заңгер.

Еңбек жолын «Қазақстандағы жас заңгерлер қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Семей қаласы бойынша филиалының директоры болып бастаған.

Әр жылдарда Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының діни бірлестіктер және саяси партиялармен жұмыс бойынша бөлімнің бас маманы, мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2015 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы болып қызмет еткен.

Check Also

Шыдамдылық пен ұстамдылықты балалардан үйренуіміз керек – омбудсмен Айтпаева

2019 жылы 16 мамырда Сенат депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі …