Home Қоғам ШҚО-да бес адам отырған автокөлік мұзға түсіп кетті
Қоғам - 21.01.2019

ШҚО-да бес адам отырған автокөлік мұзға түсіп кетті

ШҚО-ның Күршім ауданында оқыс оқиға болды. Бес адам отырған автокөлік мұз астына түсіп кетті. Төрт адам аман қалып, 6 жастағы қыз бала көз жұмды, деп хабарлайды altaynews.kz облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 18 қаңтар күні кешкі сағат тоғыздар шамасында Алғабас ауылынан 10 шақырым жердегі Бұқтырма суқоймасының Аққұдық учаскесінде болды. Ваз-2109 машинасымен жолға шыққан жолаушылар тұманда адасып, көлікпен жүруге тыйым салынған жермен өтпек болған. Салдарынан көлік мұз астына түсіп кетеді. Салонда екі ересек адам мен үш бала отырған екен. Төрт адам мұз бетіне өз күштерімен шығып, аман қалады. Алайда 6 жастағы қыз бала суға кетті.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бүгін таңғы уақытта қыз баланың мәйітін құтқарушылар іздеп тауып. су астынан алып шығыпты.

Check Also

Асқар Мамин: Жұмысшылардың құқықтарының кемсітілуіне жол бермеу керек

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлері…