Home Қоғам Шығыс Қазақстан облысының атауын «Алтай» деп өзгерту ұсынылды
Қоғам - 04.09.2018

Шығыс Қазақстан облысының атауын «Алтай» деп өзгерту ұсынылды

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым Шығыс Қазақстан облысының атауын өзгерту туралы ұсыныстардың көп айтылып жатқанын жазып, өңірдің жаңа атауға ие болуын қолдайдынын жеткізді, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

– Алтай өркениеті, Алтай қазынасы, Алтай мұрасы қазаққа да тиесілі. Оны иеленген барша Түркі мұрасының иесі, мұрагері болмақ! Одан да бұрын мықты мәдениеттер болған. Менің түсінігімде Өр Алтай – адамзат қазынасы мен ошағы іспеттес аса қасиетті жер. Байқасаңыз Ресейде екі аймақ, екі қала Алтай аталады. Қытайда да аймақ бар. Моңғолияда бір аймақ пен қала Алтай атын иеленген. Арада тек қазақ елі ғана жетім баладай күйде. Бұл қателікті жоятын, түзететін кез келді! – деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Зарян ауданының атауы «Алтай» деп өзгерту туралы ұсыныс жасалған болатын.

Check Also

Желіде Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны шықты

Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave («Кете алмаймын») атты әні жарық көрді, ол Қыт…