Home Қоғам Шымкент – Дубай халықаралық тікелей ұшақ рейсі ашылды
Қоғам - 01.01.2019

Шымкент – Дубай халықаралық тікелей ұшақ рейсі ашылды

2018 жылдың 28 желтоқсаны күні Шымкент және Дубай қалалары аралығында тікелей ұшақ қатынай бастады. Ұшақ бағытының салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласы туризм және сыртқы саясат басқармасының жетекшісі Тұрар Ахметов және Шымкент Халықаралық әуежайының өкілдері қатысты, – деп хабарлайды newsasia.kz.

Жолаушыларды «Fly Dubai» компаниясының ұшақтары тасымалдайды. Әуе кемесі екі қаланың арасында 1 аптада екі рет ұшады. Рейстің ұзақтығы – 3 сағат.

Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қараша айында Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген брифингте жылдың соңында Шымкент және Дубай қалаларының арасында тікелей ұшақ қатынасы ашылатынын хабарлаған болатын. Тікелей ұшақ рейсі аймақтық және қалалық әуе қатынастарының дамуында маңызды рөл атқарады.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…