Шымкент, әкім, Ғабидолла Әбдірахымов, әлеумет, нысан
Home Қоғам Шымкентте спорттық ойын алаңшаларының саны артып келеді
Қоғам - 28.12.2018

Шымкентте спорттық ойын алаңшаларының саны артып келеді

Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің аулалары жаңа кейіпке еніп, күн сайын абаттандырылған аулалар мен балалар ойын алаңшаларының саны артып келеді, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде қала əкімдігі аулалар мен орамдар ішіндегі аумақтарды жайлы ету, спорттық балалар алаңқайларын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда. Мәселен, биыл қала бойынша көпқабатты 50 үйдің ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы мен спорттық жаттықтыру құралдары орнатылды. Бұл жұмыстар Елбасының өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру тапсырмасының негізінде жүзеге асырылуда.

Бүгін мегаполистегі Әл-Фараби ауданы, Қарасу шағынауданының №1, 3 және 56 көпқабатты үйлер тұрғындары мен балаларына Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жаппай спортпен шұғылдануға арналған жаттығу алаңшасы мен балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Аулалардың ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ғ.Әбдірахымов тұрғындарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алда атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Жалпы биыл Әл-Фараби ауданында 22 аула абаттандырылса, келер жылы 171 ауланы абаттандыру жоспарлануда. Тұрғындар Мемлекет басшысына және қала әкіміне жүргізілген жұмыстар үшін алғыс білдірді. Іс-шара барысында әкім балаларға спорттық бұйымдар мен тәттілер сыйға тартты.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…