Шанхай Ынтымақтастық ұйымы
Home Басты жаңалық Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының жаңа бас хатшысы тағайындалды

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының жаңа бас хатшысы тағайындалды

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының жаңа бас хатшысы болып Өзбекстанның бұрынғы Сыртқы істер министрі Владимир Наров тағайындалды, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің хабарламасына қарағанда,  ШЫҰ-на мүше елдер басшылар кеңесінің шешіміне орай Өзбекстан Президенттік аппаратына қарасты Стартегиялық және өңіраралық зерттеулер институтының басшысы Владимир Наров 1 қаңтар күнінен бастап ШЫҰ бас хатшылығы міндетін бастады.

Ұйымның 2017-2018 жылдар арасында бас хатшылық міндетін атқарған Рашид Алимовтың орнына келген Наров 2019-2020 жылдар аралығында қызмет атқарады.

Наров 2006-2010 жылдары Өзбекстанның Сыртқы істер министрі болған, бұдан бұрын да түрлі елдерде өкілетті елші қызметін атқарған.

Атап өту керек, былтыр ШЫҰ-ға Пәкістан мен Үндістан мемлекеттері мүше болып қабылданған.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…