7-20-25, ипотека, несие, банк
Home Басты жаңалық Халық «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер таппай жүр

Халық «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер таппай жүр

Несие болғанымен, сатып алатын үй жоқ. Аймақтарда  жұрт «7-20-25» бойынша ипотекаға пәтер таппай жүр. Яғни мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы өңірлерде тұралап тұр деуге болады, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Әсіресе, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында баспана тапшы екен. Бұл аймақтарда жаңа баспана жоқ. Ипотекалық компанияның мәліметінше, «7-20-25» бағдарламасына Астана, Алматы қалалары мен облысының және Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары ғана белсенді қатысуда. Яғни несиеге баспана алғандардың көбі осы өңірлерде тұрады. Ал өзге аймақтарда адамдар пәтер таппай отыр.

Сондықтан ипотекалық компания жергілікті әкімдіктерге  150 миллиард теңге бөлмек. Бұл қаржыға өңірлерде жаңа үй салынады. Құрылыс бірінші кезекте Шымкент қаласында басталмақ.

– 2018 жылдың қорытындысы бойынша 6 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Соның ішіндегі 3700 таяу 45 миллиард сомаға ипотекалық несие мақұлданды. Қазіргі таңда «7-20-25» бағдарламасына қатысқан банктердің саны 8-ге  жетті, – дейді «Баспана» ипотекалық компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…