Home Басты жаңалық «Украинаның бір аймағын тартып ала ма?»: Назарбаев Путиннің не ойлап жүргенін айтты

«Украинаның бір аймағын тартып ала ма?»: Назарбаев Путиннің не ойлап жүргенін айтты

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Украинаның шығыс аймағын басып алу жоспарлары жоқ екеніне сенімді, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

«Мен Путиннің Украинаның шығыс жақ бөлігін тартып алатын ойы жоқ екенін білемін. Ол не керек? Ресей онсыз да әлемдегі ең ірі территория», – деді Елбасы «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Украинаның тағдырына шын көңілмен алаңдайтынын, сол елде білім алғандықтан, украин халқын жақсы білетінін тілге тиек етті. Назарбаев Ресей мен Украина басшылары екі ел арасындағы жағдайды ретке келтіреді деген сенімде.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…