Home Қоғам Түркістан облысында газ құбырына соғылған «ауди» бір сәтте жанып кетті
Қоғам - 05.09.2018

Түркістан облысында газ құбырына соғылған «ауди» бір сәтте жанып кетті

5 қыркүйек күні таңғы сағат 3:00-де Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Қызыл әскер ауылының маңында «Ауди» көлігі орташа қысымдағы газ құбырын соққан,- деп хабарлады otyrar.kz.

Салдарынан газ құбыры жарылып, соңы өртке ұласқан. Автокөлік түгелімен жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда газбен жабдықтаушы 10 ШРП, 87 ГРПШ өшірілді. 980 тұрғын үй газсыз отыр.

Жарылған газ құбыры тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің қарамағында. Келтірілген залалды жою жұмыстары жүргізілуде. Қалыпқа келтірілгеннен кейін ғана газ берілетін болады.

Мұндай оқиға бірінші рет орын алып отырған жоқ. 6 тамызда да Сарыағаш ауданындағы газ құбырын нөмірсіз «Тойота Камри» көлігі соғып, жүргізуші қайтыс болған еді.

Мақалада көрнекі сурет пайдаланған

Check Also

Шыдамдылық пен ұстамдылықты балалардан үйренуіміз керек – омбудсмен Айтпаева

2019 жылы 16 мамырда Сенат депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі …