Home Қоғам Түркістанда Ахмет Яссауи кесенесінің маңында зорлана жаздаған қыз оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Қоғам - 06.09.2018

Түркістанда Ахмет Яссауи кесенесінің маңында зорлана жаздаған қыз оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Түркістандық полицейлер тапа-тал түсте Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңында қыз зорламақ болған күдіктіні іздестіріп жатыр. Жәбірленушінің сөзінше, күдікті алдымен оның ұялы телефонын алып қаша жөнеліпті. Артынан қуған телефон иесінен тығылудың орнына кәнігі бұзық қызды тасаға сүйрелеп, бет-аузын қан жоса еткен. Онысы аздай, киімін шешіп, зорламақшы болған көрінеді, – деп хабарлайды 31 арна.

Тапа-тал түсте тоналамын деп ойламаған бойжеткен құлағына тосқан телефонын әлдебіреудің жұлып алғанын білгенде, ойланбастан соңынан қуғанын айтады. Өкпесі талып шаршаған сәтте, кәнігі бұзық қолынан шап беріп, оны тасаға сүйрелей, соққыға жығыпты. Онысымен қоймай, киімімді шешіп зорламақ та болды дейді.

«Мен шап беріп ұстап алып, таса жерге қарай сүйрей бастады. Зорлауға тырысты. Алайда Құдайға шүкір, бұл ойы жүзеге аспады», – дейді жәбірленген бойжеткен.

Беті қанаған қызға қатысты сұмдық оқиғаны байқағандар дереу жедәл жәрдем шақырыпты. Қыз ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер жыртылған ернін тігіп беріпті.

Тексеруді бастаған Түркістан полицейлері «Зорлауға оқталу» дерегімен қылмыстық іс қозғаған. Күдіктінің түр-тұлғасынан бөлек, жеке басы да анықталғанын айтады. Кесене маңында мүлік тонауға ұмтылып, тіпті зорламақ болды делінген оқиғаның мән-жайын құзырлы орындағылар анықтайтын болады.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…